Бұл компания менің (Қытай Халық Республикасы берген дәрігер лицензиясына, Жапония ауруханаларындағы көп жылғы тәжірибеге ие, ұлты казақ), сондай-ақ медицина саласында ұзақ жылдар бойы мол тәжірибе жинаған жапон қызметкерлерімен өзара ұйымдасуым арқылы қызмет ететін медициналық үйлестіру мәселелері жөніндегі компания болып табылады. Жапонияның медициналық деңгейі әлемде жоғарғы орында тұр, сондай-ақ оның қонақжайлығы шет елдер тарапынан да жоғары бағалануда. Біз осы уақытқа дейін көптеген пациенттерді Жапонияның ауруханаларына шықырып, үйлестіру жұмыстарымен айналысып келдік. Жаңадан шыққан жабдықтар мен емдеу технологияларына ие ауруханаларда диагностика жасау және емделу үшін Сізге ең лайықты жоспарды ұсынамыз. Сонымен бірге, қазіргі уақытта Жапония туристік қызметке күш салып отырғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, туристік қызмет көрсетуге қызығушылық танытсаңыз, Сіз үшін ең жақсы ұмытылмас естелік қалдыруға тырысамыз.

 

Ізгі ниетпен, Компания басшысы Қалибек Әбдібек